Атырауда елде болу мерзімі өтіп кеткен 60-тан астам шетелдік анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда елде болу мерзімі өтіп кеткен 60 шетелдік анықталды,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 12 мамырдан бері «Қауіпсіз қала»жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. Мақсат –қоғамдық

орындардағы, көшелердегі көшелердегі қылмыстар мен құқықбұзушыларды, заңсыз

келушілерді анықтау.

«Полиция қызметкерлері алғашқы күні Балықшы шағынауданында, Дамбы ауылы мен Көкарна саяжайы маңында жүргізген тексерулер барысында 60-тан астам шетелдікті анықтады. Таяу шетелдерден келгендердің Қазақстанда болу мерзімі өтіп кеткен.

Алайда, елімізде 16 наурызда Төтенше жағдай енгізілгендіктен, олар жауапкершіліктен босатылады. Полиция қызметкерлері шетелдіктерге түсіндіру жұмысын жүргізді. Енді олар 18 мамырдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, елімізде болу мерзімін ұзарта алады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Іс-шара кезінде ұсталған өзбекстандық 2 азаматта жеке басын куәландыратын төлқұжаты болмаған. Олар Атырау қалалық полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Мұнда жеке басы анықталғанға дейін болады.

Аталмыш шара 21 мамырға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар