Атырауда ел тарихында із қалдырған тұлғаларға ескерткіш қойылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында қазақ елінің тарихында өшпес із қалдырған ең танымал тұлғаларға ескерткіш қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәлім етуінше, Атырауда да хәкім Абай мен Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойларына, сондай-ақ Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған шаралар жоспары қолға алынып жатыр.

«Сонымен қатар, Атырау қаласында Әйтеке биге, ақын Төлеген Айбергеновке, Халел Досмұхамедовке, Абайға, Құрманғазы ауданында Құрманғазыға, Қызылқоға ауданында Халел Досмұхамедовке ескерткіш орнату жоспарланып отыр»,- деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов халықпен есепті кездесуінде.

Әкімнің айтуынша, аталған тұлғалардың ескерткішін орнату жөніндегі ұсыныстар арнайы комиссия отырысында қаралып, оң шешімі алынды.

Жолдасбек Көшербайұлы

Соңғы жаңалықтар