Атырауда экс-әкім Рысқалиевтің сыбайласы 15 жылға сотталды

2016 жылғы 10 ақпан, 18:58
Атырауда  экс-әкім Рысқалиевтің сыбайласы 15 жылға сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта «Строй Контакт Групп» ЖШС-нің бұрынғы директоры Олег Павличенкоға қатысты үкім шықты. Ол 15 жыл қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтемек.

«Сотта «Строй Контакт Групп» ЖШС басшысы болған кезінде О.Павличенко Атырау облысы Қызылқоға және Құрманғазы аудандарындағы елді-мекендерге газ тартуға арналған бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Мемлекетке 14 млрд 994 млн теңге көлемінде залал келтірілді. Ақша бағалары көтеріңкі жалған жобалық сметалық құжатты дайындау арқылы ұрланды. Сонымен қатар, жалған фирмалармен шарттар жасалды, қызмет көрсету құны жоғары болған. Сот үкімімен О.Павличенко ҚР ҚК 235-бабы 3 бөлімі, 176-бабы 4 бөлімі бойынша айыпты деп танылды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейді. Мүлкі тәркіленді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Бұрын хабарланғандай, кәсіпкер О.Павличенко облыстың экс-әкімі Бергей Рысқалиевпен байланыста болған, оған халықаралық іздеу жарияланды.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar