Атырауда экологиялық заңнаманы бұзғандарға 64 млн теңге айыппұл салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында экологиялық заңнаманы бұзғандарға 64 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліменше, биылғы 9 айда табиғат пайдаланушыларға 52 тексеру жүргізілген.

«Тексеру нәтижесінде экологиялық заңнама талаптары бұзылған 135 дерек анықталған. Табиғат пайдаланушыларға заң бұзғанына байланысты 46 әкімшілік іс қозғалып, 64 479 280 теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды. Сондай-ақ, экологиялық заңнаманың бұзылуын жою туралы 260 891 040 теңгені құрайтын 17 нұсқама берілді. Табиғат пайдаланушылар 10 нұқсаманың 17 892 242 теңгенсін өз еркімен төледі. Ал, 242 998 798 теңгені құрайтын 7 нұсқама сотта қаралып жатыр» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты 60 млн теңгеден астам айыппұл төлегенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар