Атырауда экологияға зиян келтірген мұнайшылар 3,2 млрд. теңге айыппұл төледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында прокуратура органдары арқылы аймақтың экологиясына зиян келтіргені үшін мұнай компанияларынан мемлекет пайдасына 3,2 млрд. теңге айыппұл өндірілді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыстық прокуратура бөлімінің бастығы Аслан Нұрғалиев.

«Теңізшевройл» ЖШС Теңіз кен орнында мұнай өндіру кезінде факельдерде газдың нормадан артық жағылуына жол беріп, сол үшін 1 млрд. 300 млн. теңгеге айыппұл төледі. «ЕмбіМұнайГаз» БарлауӨндіру» АҚ атмосфераны ластағаны үшін 1 млрд. 900 млн. сомасындағы айыппұлды төлеу ұйғарымын алды. Алайда мұнайшылар айыппұл төлеуден жалтармақ болған. Экологияға келтірілген зиян прокуратура органдарының араласуынан кейін ғана өтелді», - деп ақпараттандырды А.Нұрғалиев.

Соңғы жаңалықтар