Атырауда екі жасар бала 5-ші қабаттан құлап кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында екі жасар бала көпқабатты үйдің 5-ші қабатындағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің 5-ші қабатындағы терезеден екі жасар бала құлаған.

«16 маусымда сағат 19:40-да Атырау қаласының Береке ықшамауданында орналасқан көпқабатты үйдің 5-ші қабатындағы терезеден 2018 жылы туған екі жасар бала құлап кетті. Бала жабық бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар