Атырауда екі тұрғынның көлігінен 364 киік мүйізі тәркіленді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда екі тұрғынның көлігінен 364 киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, криминалдық полиция басқармасы мен балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізген.

«Іс-шара кезінде Атырау қаласына таяу орналасқан «Геолог» ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында тұрғын екі көліктің ішінен 364 дана киік мүйізі тәркіленді. «ВАЗ-21014» автокөліктің бірінен 200 дана киік мүйізі мен құқық қорғау органында тіркелмеген қос ұңғылы «ТОЗ-16» маркалы аңшы мылтығы табылды. Ал, екінші көлікте 164 дана киік мүйізі мен рұқсат құжаттары жоқ 4,5 калибрлі «Байкал МР-512» маркалы қару бары анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір күдіктілер – Исатай ауданы мен Атырау қаласының 23 жастағы екі тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық тұрғынның үйінен 106 киік мүйізі тәркіленген

болатын.


Соңғы жаңалықтар