Атырауда екі машина мен автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бүгін екі машина мен автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол-көлік оқиғасы күндіз сағат 11-де «Атырау-Доссор» тасжолында болған. Toyota, «Газель» және Daewoo автобустары соқтығысқан. Бір адам оқиға орнында қаза тапты, тағы екеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Оның айтуынша, автобус жолаушылар тасымалдауға арналмаған. Ол жеке компаниялардың біріне тиесілі болған.

Автор:

А. Соколов

Соңғы жаңалықтар