Атырауда екі күндік жәрмеңкеде 13 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда өткен сенбі-жексенбіде ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтіп, 13 тонна өнім сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласында 10-11 қазанда үш жерде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге 59 шаруа қожалығы мен кәсіпкерлер қатысты.

«Мұнайшы» стадионының алдындағы алаңда - 26, «Сарайшық» коммуналдық базарында - 23, ал «Береке» ықшамауданындағы жәрмеңкеде - 10 шаруа қожалығы мен тауар өндірушілер қала тұрғындарына нарықтағы құнынан төмен бағамен сүт, көкөніс, ет және өзге де өнімдерді ұсынды.

«Екі күндік жәрмеңкеде 13 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды» деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда карантин енгізілгелі алғаш рет ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткенін хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар