Атырауда екі күнде Жайық өзеніне бекіренің 7 млн-ға жуық шабағы жіберілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда екі күнде Жайық өзеніне бекіренің 7 млн-ға жуық астам шабағы жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау» және «Жайық-Атырау» бекіре өсіру зауыттарынан қортпа, бекіре, пілмай және шоқыр шабақтары Жайық өзеніне жіберілді. Екі күнде су айдынына жіберілген бағалы бекіре тұқымдас балықтар шабағының саны 7 млн-ға жуықтады.

Мәселен, «Жайық-Атырау» зауытындағы 16 тоғанда бекіре тұқымдас балықтардың 3,5 млн шабағы мемлекеттік тапсырысқа сәйкес өсірілген. Ал, жергілікті табиғат пайдаланушылар Каспий теңізінің биресурсын сақтауға қосқан үлесі ретінде 279 мың шабақ өсіруге тапсырыс берген.

«Биылғы көктемде ауланған аналық және аталық балықтардан жасанды жолмен уылдырық алынды. Кейін сол уылдырықтан шабақтар өсірілді. Бекіре тұқымдас балықтар бір-біріне ұқсамайды. Шабақтар да солай, өлшемдері әртүрлі болады. Орташа есеппен шабақтардың салмағы 7-47 грамды құрайды» -дейді «Жайық-Атырау» бекіре өсіру зауытының директоры Ғильман Сәрсемалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын АтыраудаЖайық өзеніне бекіренің 100 шабағы жіберілген болатын.


Соңғы жаңалықтар