+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Атырауда екі көлік соқтығысып, 19 жастағы жігіт мерт болды

2021 жылғы 15 қазан 02:25
Бөлісіңіз:
Атырауда екі көлік соқтығысып, 19 жастағы жігіт мерт болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда екі көлік соқтығысып, 19 жастағы жігіт мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде жеңіл көлік пен экскаватор соқтығысты Бес адамның өмірін қиған жол апаты: Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды Степногор маңында көлік аударылып, 36 жастағы әйел көз жұмды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше, 14 қазанда сағат 23:15-те болған.

«Атырау қаласында Әбілхайыр хан-Маденов көшелерінің қиылысында Kia Rio мен Mitsubishi Pajero маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2002 жылы туған жігіт қаза тапты» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Облыстық полиция департаменті аталған жол-көлік оқиғасы байланысты қосымша ақпарат беруге уәде етті.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда үш көліктің соқтығысқанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT