Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 9 °С
Алматы: 15 °С
USD 327.11 EUR 386.74
RUB 5.34 CNY 51.37
Жаңалықтар

Атырауда екі қабатты үйдің едені опырылып құлады

2018 жылғы 13 ақпан 02:55 1076
Бөлісіңіз:
 Атырауда екі қабатты үйдің едені опырылып құлады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Құрманғазы ауданында екі қабатты үйдің едені опырылып түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

ТЖД Атырау облысының Ганюшкино кентіндегі авариялық жағдайда тұрған үй еденінің опырылып түскендігін растады.

«Бұл төтенше жағдай Құрманғазы ауданының орталығы Ганюшкино кентінде болды. 1970 жылы салынған екі қабатты үйдің 7 шаршы метрдей бетон едені опырылып түсті. Үйде 70 адам тұрып жатыр. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Үй авариялық үйлер тізімінде тұр»,-  деді өңірдегі төтенше жағдайлар қызметі.

ТЖҚ хабарлауынша, ауданда авариялық үйді тексеру үшін арнайы комиссия құрылған. Сондай-ақ, аудан әкімдігі авариялық үйде тұрып жатқан тұрғындарды басқа үйге көшіру мәселесін қарап жатыр.

 

 


Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат