+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Атырауда егіздерді дүниеге әкелген әйелдің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

2017 жылғы 15 шілде 13:06
Бөлісіңіз:
Атырауда егіздерді дүниеге әкелген әйелдің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 27 жастағы әйел егіз балаларын дүниеге әкелгеннен кейін, көп ұзамай қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әйел жедел жәрдем қызметін өзі хабарласып шақырған. Ол облыстық перзентханаға жеткізілді. Оған «кесар тілігі» бойынша операцияны 10 жылдық тәжірибесі бар жоғарыбілікті дәрігерлер жасады.

Сот-медициналық сараптама жасалды. Тексеру жүргізілуде, оған Ана мен бала құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық орталықтың мамандары да қатысуда», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мәншүк Аймурзиева.

Адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Зардап шеккен тараптан түскен арызға сәйкес, ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлігі бойынша («Абайсызда адамның өліміне алып келген медицина қызметкерінің өзінің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамауы») қылмыстық іс қозғалды», - деп атап өтті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Қайтыс болған әйел 27 жаста болды. Жана туған егіздерден бөлек, оның артында 3, 6, және 7 жастағы балалары қалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT