Атырауда джип Жайық өзеніне түсіп кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жол талғамайтын «Toyota Land Cruiser 100» автокөлігін құтқарушылар Жайық өзенінен шығарды. Осындай видео әлеуметтік желіде таралып, оны облыстық ТЖД растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқыс оқиға облыс орталығында Жайық өзенінде болды. Жағалауға келген «Toyota Land Cruiser 100» жүргізушісі көлігінің тежегішін қосып қоюды ұмытып кеткен. Көлік биіктеу тұстан орнынан қозғалып жылжып барып Жайыққа түсіп кеткен. Өзенге 15 метр жерге шейін кіріп кеткен жол талғамайтын көлікті Батыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағалауға сүйреп шығарды. Құтқарушыларды көлік иесі өзі шақырған», - деп хабарлайды Атырау облыстық ТЖД.


Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар