Атырауда дрифт жасаған көлік жүргізушісіне айыппұл салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда дрифт жасаған көлік жүргізушісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ваз-2114» көлігінің жүргізушісі 18 қазанда сағат 03:00 шамасында дрифт жасаған.

«Жедел басқару орталығының бейнебақылауына Атырау қалалық әкімдік ғимаратының тұсында бір орында айналып, дрифт жасаған «Ваз-2114» маркалы автокөлігі түскен. Орталық қызметкерлері аталған деректі патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлап, бағыт берген. Тексеру кезінде аталған автокөліктің рульінде 1998 жылғы жүргізуші болғаны анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 230-бабының 2-бөлімімен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), 595-бабының 1-бөлімімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және 630-бабының 1-бөлімімен (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) әкімшілік хаттамалар толтырылған. Сот шешімімен оған 49 589 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Қазақстан туын көлігіне жапқан жүргізуші жазаланғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар