Атырауда донерден уланып ауруханаға түскен 8 адамның жағдайы орташа

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда донерден уланып ауруханаға түскен 8 адамның жағдайы орташа. Науқастардың кішісі – 1 жас 7 айлық, үлкені – 30 жаста, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраудағы №2 облыстық аурухананың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, донерден уланған 8 адам ем-дом қабылдап жатыр.

«Дәрігерлер ауруханаға түскен 8 адамның жағдайын орташа деп бағалап отыр. Науқастардың кішісі – 1 жас 7 айлық, ал, үлкенінің жасы – 30-да. Қазір науқастың бәрі аурухана дәрігерлерінің жіті бақылауына алынды. Ауруханадағы науқастарға қажетті ем-дом шаралары жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті аурухананың баспасөз қызметінен.

Бұған дейін облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешова Атырауда екі күнде 9 адам донерден уланып қалғанын айтқан еді.

«Кеше облыстық инфекциялық ауруханаға 7 адам улану диагнозымен тіркелді. Ал, бүгін тағы 2 жағдай анықталып отыр. Оқиға С. Датов көшесінде орналасқан жеке меншік «Afisha» дүңгіршегінде болған. Зардап шегушілер тез тағам дайындау орнынан құс етінен жасалған донер жеген. Осы оқиғаға байланысты Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Дүңгіршек жұмысын уақытша тоқтатты. Ал, зардап шегулер дәрігерлердің жіті қалағалауына алынды», - деді Әлия Бекешова.


Соңғы жаңалықтар