Атырауда діни бірлестік өкілдері карантин кезінде жиын өткізген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда діни бірлестік көп адам жинап, басқосу өткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Святость» діни бірлестігі Атырау ықшамауданындағы екі қабатты үйде 40-қа жуық адамды жинап, діни шара өткізгені анықталды. Жиналған адамдармен дастархан басында отырыс ұйымдастырған. Бірлестік әкімшілігіне қатысты анықталған заңбұзушылық бойынша жинақталған құжаттар Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік шара алынды» -деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда үш мейрамханада дүркіретіп той жасағандар анықталған болатын.



Соңғы жаңалықтар