+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Атырауда деструктивті діни ағым өкілі 6 жылға сотталды

2020 жылғы 30 қыркүйек 12:58
Бөлісіңіз:
Атырауда деструктивті діни ағым өкілі 6 жылға сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда ДАИШ содырларының құрамына қосылғысы келген деструктивті діни ағым өкілі 6 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да бала кездегі досын өлтірген тұрғын 11 жылға сотталды Нұрсұлтан Назарбаев орталығы Ватикандағы Папа Кеңесімен меморандумға қол қойды Астанада жалғызбасты ана қалалық тұрғын үй басқармасын сотта жеңіп шықты

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәіметінше, биылғы мамырда Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері деструктивті діни ағымдардың бірінің 32 жастағы жақтаушысын ұстаған. Полицейлер оны синтетикалық есірткі сатқаны үшін қолға түсірген.

«Бірақ бұл оған тағылған жалғыз айып емес. Тергеу дерегіне сүйенсек, ер адам ДАИШ тобының содырларына қосылуды жоспарлап, бірнеше рет таныстарымен терроризмді насихаттаумен айналысқан», дейді облыстық полиция депаратменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Нұрхат Кенжебайұлы.

Оның айтуынша, сот психологиялық-филологиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, теріс діни ағым өкілінің мәлімдемелерінде қарулы жиһад түрінде терроризмді насихаттауға бағытталған белгілер болған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам кінәсін мойындап, іс жүргізу келісімін жасасуға ниет білдірген. Кейіннен сот оны ҚР Қылмыстық Кодекстің екі бабымен (Есірткіні сақтағаны және сатқаны, сондай-ақ телекоммуникациялық желілерді пайдаланып, терроризмді насихаттағаны үшін) кінәлі деп тапты.

Кінәні мойындау, жасалған іс жүргізу келісімін ескере отырып, қылмыскер 6 жылға бас бостандығынан айырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT