Атырауда деструктивті дінді ұстанушылар карантин талабын бұзған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда деструктивті діни ағым өкілдері карантин режимін бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласының 2 тұрғыны төтенше жағдай кезінде күшейтілген карантин режимін бұзып, жеке көліктерімен адам тасымалдаумен айналысқан.

«Деструктивті діни ағымды ұстанушы екі азаматтың бірі бұрын тонау және ұрлық қылмыстары үшін сотталған. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабымен хаттамалар толтырылып, құжаттар сотқа жолданды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Атырауда төтенше жағдай енгізілгеннен бері 779 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 478-бабын (Төтенше жағдай режимі кезінде полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамау) бұзған 28 тұлға бар.

Соңғы жаңалықтар