Атырауда деструктивті дін өкілдерінен құрылған қылмыстық топ ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыстық Полиция департаментінің өкілдері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген шара кезінде қылмыстық топты құрықтады. Деструктивті діни ағым ұстанушыларынан құралған қылмыстық топ мүшелері қала аумағында азаматтардан қорқытып ақша талап етумен айналысқан», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігімен (Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар