+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Атырауда Денсаулық сақтау басқармасына басшы тағайындалды

2020 жылғы 6 мамыр 00:08
Бөлісіңіз:
Атырауда Денсаулық сақтау басқармасына басшы тағайындалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Нұрлыбек Қабдықапаров Денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар Айжан Есмағамбетова Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды Елорданың Сарыарқа ауданына жаңа әкім тағайындалды

Нұрлыбек Рысқалиұлы Қабдықапаров 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын дәрігер-педиатр мамандығы бойынша бітірген.

Сонымен қатар, Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Атырау қалалық балалар ауруханасында №1 бөлімшесінде дәрігер-анестезиолог, реаниматолог болып бастаған.
Кейін 1996 жылы Атырау қалалық балалар ауруханасында интенсивті терапия бөлімшесінің меңгерушісі болған.
1996-1997 жылы Атырау қалалық балалар жұқпалы аурулар (инфекциялық) ауруханасының дәрігер-анестезиолог, реаниматологы, 1997-2000 жылдары реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, 2000-2002 жылдары бас дәрігері қызметтерін атқарған.
2002-2003 жылдары Атырау қалалық денсаулық сақтау бөлімі бастығының міндетін атқарушы, 2003-2005 жылдары Атырау қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы, 2005-2006 жылдары Атырау қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, 2006-2007 жылдары Атырау облысы бойынша Денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары, 2007-2008 жылдары Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Атырау облыстық басқармасының директоры, 2008-2009 жылдары Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Атырау облыстық департаментінің директоры, 2009-2013 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті директоры, 2013-2016 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы, 2016-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, 2017-2019 жылдары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалының директоры лауазымдарын атқарған.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры қызметін атқарып келді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT