Атырауда демеушілер үш отбасыға пәтер сыйлады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда демеушілер «30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында үш отбасыға пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырауда ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталғанын хабарлаған едік.

Конституция күні қарсаңында «Құрман групп» компаниясының басшысы Ақарыс Әлімов Nur Otan партиясы өңірлік филиалының ұсынысына орай Асқар Қарақұловқа 2 бөлмелі пәтерді сыйға тартты. Жаңа пәтер иесі ІІ топ мүгедегі, қазір Атырау қаласында тұрады.

Сондай-ақ, аталған жоба аясында «BASTAU CONTRUCTION» компаниясының басшысы Ибраһим Аликов баспанаға мұқтаж екі отбасыға баспана кілтін тапсырды. Жаңа пәтерлер «Самал» шағын ауданында бой көтерген «Самал Town» тұрғын үй кешенінен беріліп отыр.



Соңғы жаңалықтар