Атырауда демалыс күндері базарлар жұмыс істемейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында демалыс күндері базарлар жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Асылбек Шаровтың жаңа қаулысында айтылған.

«Демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің, азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтатылсын» делінген қаулыда.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында карантиндік шектеу шаралары ұзартылып еді.


Соңғы жаңалықтар