Атырауда демалыс күндері 2 адам суға кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында демалыс күндері 2 адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше, 21 маусымда 2 қайғылы оқиға тіркелген.

«21 маусымда Жедел құтқару жасағының қызметкерлері таңертеңгі сағат 8:30-дан Махамбет ауданының Ақтоғай ауылдық округінде Жайық өзеніне батқан 31 жастағы ер адамды іздеді. «Казводхоз» РМК Атырау филиалының сорғы станциясында машинист болып жұмыс істеген ол 20 маусымда сағат 19:00-де арнайы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен. Екінші оқиға Талғайраң ауылында болды. Мұнда 20 жастағы жігіт сағат 16:10 шамасында Жайық өзеніне суға батқан» -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Кеше суға кеткендердің денесі табылып, шығарылған.

Бұған дейін Атырауда суға кеткен жігіттің денесі үш күннен соң табылды.



Соңғы жаңалықтар