Атырауда «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы басталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Jas Otan» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Ринат Ғилажевтың айтуынша, акцияның мақсаты – 4 айға жуық уақыттан бері қауіпті індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге алғыс айту.

Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер 500-ден астам денсаулық себетін дайындаған. Аталған көмек аудандарға да жеткізіледі. Бүгін еріктілер 100 дәрігерге алғыс себетін тапсырды. Себетке иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған.

«Жаһанды шарпыған COVID-19 індеті ешкімді бейжай қалдырған жоқ. Әсіресе, алдыңғы шепте қызмет етіп жүрген ақ халатты жандарға оңай емес. Оларға ризашылығымызды білдіреміз. Соның дәлелі ретінде бүгін азық-түлік салынған себетті ұсындық», - дейді «Jas Otan» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Ринат Ғилажев.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық нотариустар ауруханаға оттегі концентраторын сыйлаған еді.


Соңғы жаңалықтар