+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауда дәмхана түгі қалмай жанып кетті

2020 жылғы 11 шілде 04:15
Бөлісіңіз:
Атырауда дәмхана түгі қалмай жанып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында «Шашлычок» жазғы дәмханасы түгін қалмай жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде жатақханада өрт шығып, 75 адам эвакуацияланды Канадада өрт салдарынан 3,8 мыңға жуық адам эвакуацияланды «Көкшетау» мәдениет сарайынан өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 10 шілдеде сағат 17:01-де болған.

«Жарбосынов көшесінің №83 мекенжайында орналасқан жазғы дәмхананың жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрайды. Өрт салдарынан жазғы дәмхана толықтай жанып кетті. Дәмхана ауласында тұрған 144 шаршы мертлік үйдің кіреберіс бөлмесінің есігі мен терезесінің сыртқы қаптамасы, сондай-ақ, 1992 жылы шыққан Зил-ММЗ-4502 маркалы автокөлігі де отқа оранды. Сондай-ақ, тағы бір үй мен 40 шаршы метрлік гараждың төбе жабындысы бүлінді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өрт салдарынан 1953 жылы туған әйелдің екі аяғын, иығын күйік шалған. Ол 15-20 пайыздық күйікпен аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылған. Ал, екі қолынан күйік алған 1997 жылғы азамат дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Арнаулы қызметтің 25 қызметкері мен 5 техникасы өртті сөндіруге жұмылдырылды. Жалын сағат 18:40 –та толықтай сөндірілді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда өртенген пәтерден 57 жастағы мүгедек азамат құтқарылған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT