Атырауда дәмхана иесін соққыға жыққан полиция қызметкерлері жұмыстан босатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Полиция департаментінің өкілдері әлеуметік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.

Видеода 2 адам, шамамен полиция қызметкерлері жиһаздарды талқандап, адамды соққыға жығып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейнетүсірілімде расында да полиция қызметкерлері бейнеленген. Алайда олар қазір полиция қатарында емес.

Оқиға Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында болған. Полицияның майор шеніндегі 2 қызметкері «Сушняк» атты дәмханада отырған. Дәмхана иесі олардан ішкен-жегендері үшін ақысын талап етіп келгенде жанжал туындаған. Оқиға полиция қызметкерлерінің жиһаздарды талқандап, дәмхана иесін соққыға жығумен аяқталған. Ал дамханадағы тұтынылған тағамның ақысы сол бойы төленбеген. Осы оқиға түгелімен видеоға түсірілген.

«Аталған факті бойынша, полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметі тексеру жүргізіп, қылмыстық іс қозғалды. Іс қарау үшін Құрманғазы аудандық сотына жіберілді. Сонымен қатар арнайы текеру шаралары да жүргізілді. Кәніләлер қатаң тәртіптік жауапқа тартылып, ішкі істер органдарынан шығарылды»,-деп хабарлады Атырау облыстық поллиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар