Атырауда циклогексан өндіретін кешен салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда циклогексан өндіретін кешен салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, әлемде мұнайгазхимия өндірісін пайдалану артып келеді, және Қазақстан мұнайхимия өндірісін дамыту арқылы экономиканы әртараптандырады. Циклогексан өндіретін кешеннің қуаттылығы – жылына 150 мың тонна өнім. Құрылыс кезінде 1500 адам жұмыспен қамтылады, ал эксплуатация уақытында 350 адам еңбекке тартылады. Жобаның жалпы құны – 64 млн доллар.

Айта кетсек, циклогексан –эфир майларын, балауыз, лак, бояуды ерітуші, фармацевтика өндірісіндегі экстрагент.

Автор: А. Соколов



Иллюстрациялық фото
Соңғы жаңалықтар