Атырауда бюджет қаржысын жымқырған кәсіпкер шартты жазаға кесілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 1,8 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырған фермер 5 жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.    

«Өткен жылы шаруа қожалығының басшысы мен қалалық жұмыспен қамту орталығы арасында келісімшарт жасалып, оған сәйкес фермер «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға тиіс болатын. Келісімшарт талаптары бойынша шаруа қожалығының есепшотына бюджет қаржысы аударылды. Алайда, шаруа қожалығының басшысы 10 адаммен келісімшарт жасасқанымен, олар фермердің қоластында жұмыс істемейтін болып шықты. Осылайша ол 1,8 млн теңге көлеміндегі мемлекет қаржысын талан-таражға салған»,-деп хабарлады Атырау облыстық МКД баспасөз қызметі.

Атырау қалалық №2 сотының шешімімен шаруа қожалығының жетекшісі ҚР ҚК 189-бабы («Өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу») бойынша кінәлі деп танылды. Ол шартты түрде 5 жылға сотталды.

Соңғы жаңалықтар