Атырауда былтырдан бері мыңнан аса медқызметкер коронавирус жұқтырған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында былтырғы 27 наурыздан бері 1073 медицина қызметкері індет жұқтырды, оның 14-і қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, былтырғы 27 наурызда воронавирус жұқтырудың 3 жағдайы тіркелген.

«Атырау облысында Сovid-19 пандемиясы басталғалы бері 17,5 мыңнан астам тұрғын қауіпті вирусты жұқтырды. Оның ішінде 1073 медицина қызметкері бар. Арнайы комиссияның шешімімен 777 қызметкерге 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төленді. Өкінішке орай, 14 медицина қызметкері кәсіби міндетін орындап жүріп, коронавирус инфекциясын жұқтырғаннан қайтыс болды. Қайтыс болған әріптестеріміздің туыстарына 10 миллион теңгеден астам өтемақы төленді», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.

Оның айтуынша, мұнай компанияларының демеушілік көмегімен 60 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген. Бұл қаржы комиссияның шешімі бойынша 260 медицина қызметкеріне төленген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар