Атырауда былапыт сөйлеген тұрғынға айыппұл салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда былапыт сөйлеп, полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірген тұрғынға 125 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының тұрғыны былапыт сөйлеп, жәбірленушінің тыныштығын бұзған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің қызметтік міндетін атқаруына кедергі келтірген.

«Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігін және 478-бабын бұзған азамат Х.В.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы 19 сәуір кешкі сағат 19:40 шамасында Атырау қаласындағы Әліпов көшесінде азаматша А.-ға былапыт сөйлеп, қоғамдық тәртiптi және жәбірленушінің тыныштығын бұзған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің қызметтік міндетін атқаруына кедергі келтірген» -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындап, алкогольдік масаң күйде әрекетіне есеп бермегенін айтқан. Құқық бұзушы сот қаулысымен кінәлі деп танылып, оған 125 010 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар