Атырауда бұрынғы зауыт аумағындағы қазандық жанында май қалдығы жанып жатыр

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бұрынғы зауыт аумағындағы қазандық жанында май қалдығы жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 19 қаңтарда өрт туралы әлеуметтік желі қолданушылары фото, видео жүктеген. Онда бұрынғы химия зауытының маңынан қара түтін будақтап жатқаны түсірілген.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, жергілікті уақытпен сағат 15:19-да өрт туралы хабар түскен.

«Атырау қаласындағы З.Қабдолов көшесінде орналасқан бұрынғы химия зауытының аумағында түтін шыққан. Өрт сөндірушілер шақырту орнына жеткенде 2 резервуар жанында май қалдығы жанып жатқаны анықталды. Жану ошағында шамамен 64 шаршы метр көлемінде май қалдығы жинақталған», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Қазір өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 5 техникасы тартылған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраулық құтқарушылар екі сағатта 3 өртті сөндіргенін хабарлаған едік.

Қоғаммен байланыс тобының ақпаратына қарағанда, 11 қаңтарда 2 сағаттың ішінде 3 өрт дерегі тіркелген.

Өрттің үшеуі де Атырау қаласында болған. Алғашқы өрт туралы хабар сағат 10:37-де түскен. Екінші өрт сағат 10:59-да тұтанған.

Ал, сағат 11:56-да Жұлдыз шағын ауданындағы тұрғын үйдің бірі өртенген. Жалын тұрғын үйдің жылыту қазандығы орналасқан бөлмесінен шыққан дүмпудің салдарынан шыққан. Өрт кезінде үй тұрғындары – 5 ересек, 2 бала өз күшімен қауіпсіз жерге шыққан.


Соңғы жаңалықтар