Атырауда бұрынғы колледж отқа оранды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы бұрынғы колледждің ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Куәгердің айтуынша,«Шалқыма» аялдамасында орналасқан екі қабатты мұнай және газ колледжінің бұрынғы ғимараты отқа оранған. Әлеуметтік желідегі таратылған бейнежазбадағы ескертуге қарағанда, аталмыш колледж осыдан үш жыл бұрын апатты деп танылып, оқу орны басқа ғимаратқа көшірілген.

«Екі қабатты колледждің ғимаратының төбесі өртенді. Өрттің аумағы 1600 шаршы метрді құрайды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті ауыздықтауға ТЖ департаментінің бөлімшелері мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан барлығы 11 техника мен 48 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қызыл жалын сағат 06.31-де толығымен сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда» дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз орталығы.

Фото: mygorod.kz

Соңғы жаңалықтар