+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Атырауда булану алаңында күкіртсутегі нормадан асып кетті

2021 жылғы 19 қыркүйек 21:24
Бөлісіңіз:
Атырауда булану алаңында күкіртсутегі нормадан асып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Тухлая балка» буландыру су қоймасында күкіртсутегі ингредиенті шекті рұқсат етілген нормадан асқаны тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында сырқаттар жатқан 730 инфекциялық төсек-орын босады Атырауда Жайық жағасынан әйелдің денесі табылды Атырау облысында төтенше жағдайлар қызметіне 9 айда 1 467 рет шақырту түскен

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйектің алғашқы күндерінде жағымсыз иістің жиілеп кетуіне байланысты «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның басшылығына ауаға мониторинг жүргізу ұсынылған.

«Осыған байланысты 17 қыркүйекке қараған түнде Атырау қаласында атмосфералық ауаның сапасын зерттеу мақсатында «АМӨЗ» ЖШС-ның ұйымдастыруымен «Тухлая балка» булану алаңының санитарлық-қорғау аумағынан тыс жерлерден ауадан сынама алынды. Сынамаларды алу барысын облыстық экология департаменті, Атырау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, «АМӨЗ» ЖШС, «Қазгидромет» РМК-ның өңірлік филиалы мен экология белсенділері, сондай-ақ, өзге де зертханалық талдау жүргізетін мекемелердің өкілдері бақылады. Иістің шығатын уақыты түнгі және таңғы мезгіл болғандықтан, бақылау түнгі сағат 2:00-ден таңғы сағат 5:00-ге дейін жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде «Тухлая балка» су булану алаңында күкіртсутегі ингредиентінің шекті рұқсат етілген нормадан асу дерегі тіркелді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Енді департамент мамандары «АМӨЗ» ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. Сол кезде күкіртсутегі ингредиентінің нормадан асқаны ескерілмек.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғысынан түтін шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT