+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Атырауда бүгін дүниеге келген сәбиге Абай есімі берілді

2020 жылғы 10 тамыз 19:45
Бөлісіңіз:
Атырауда бүгін дүниеге келген сәбиге Абай есімі берілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда бүгін дүниеге келген ұлға ата-анасы Абай есімін берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда «Ұлы Абайдың ізімен: рухани сапар» атты экспедиция басталды Абай мерейтойы: Ел өңірлері Семей қаласын абаттандырып жатыр Францияда Абай мұрасын насихаттап жүрген қазақ қызы мәдениет саласының үздігі атанды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, сәби Абай бүгін, 10 тамызда таңғы сағат 6.40-та жарық дүние есігін ашқан. Салмағы – 3 келі, 565 грамм, ал, бойы – 53 сантиметр.

«Отағасымен ақылдасып, қазақтың ұлы ақынының даналығын, ақыл-ойын берсін деген ниетпен төртінші перзентіміздің есімін Абай деп атауды ұйғардық. Оның үстіне дәрігерлер 15 тамызда босанасың деген еді. Бірақ, сәбиіміз бүгін, 10 тамызда Абай күні аталып өтетін таңда өмірге келіп, есімін өзі таңдап алғандай болды. Үйдің үлкендері де біздің таңдауымызды қолдап отыр. Абайдың екі ағасы мен апасы бар», - дейді 37 жастағы анасы Ақмарал Бәделова.

Атырау облыстық перинаталдық орталығының ана мен бала бірлескен бөлімшесінің меңгерушісі Нұрлан Жұбанышевтың айтуынша, 10 тамыз –Абай күні орталықта 5 ұл, 5 қыз дүниеге келген.

«Сәбилердің мұндай ерекше адамдардың мерейтойымен тұспа-тұс дүниеге келуі – ерекше оқиға. Бұл балалардың болашағына жақсы әсер етеді деп ойлаймын» дейді Нұрлан Жұбанышев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT