Атырауда брондалған әскери техниканы сатпақ болған тұрғын ұсталды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда брондалған әскери техниканы сатпақ болған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 35 жастағы ер адам брондалған барлау-шолғыншы машинасын (БРДМ-2) заңсыз сатуға тырысқан.

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 12 сәуірде полицияға түскен жедел ақпаратты тексеріп, жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. Тексерудің нәтижесінде 1986 жылғы азаматқа тиесілі әскери техника табылып, тәркіленді. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 386-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен тапанша тәркіленгенін хабарлаған болатынбыз.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ақтөбеде әлдебіреу металл қабылдау орнына Т-34 танкісін өткізгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар