Атырауда браконьерлік үшін сотталғандар көше тазалап жүр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында браконьерлік үшін сотталғандар көше тазалап жүр, жүр деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметі бөлімінің инспекторы Жарқынай Бақтиярованың айтуынша, Исатай ауданындағы Жанбай ауылының 14 тұрғыны ҚР Қылмыстық Кодекстің 339-бабының 1-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотталған.

«Сот сотталғандарға жазаны өтеу мерзімі ішінде жыл сайын жүз сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартумен әр түрлі мерзімге бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Заңға сәйкес бас бостандығын шектеуге сотталған адамның жазасы тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшаулаусыз өтеледі. Мәжбүрлі еңбекке тартуды жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) ұйымдастырады» -дейді Жарқынай Бақтиярова.

Қазір Жанбай ауылының 14 тұрғыны күніне 4 сағат көше тазалауға шығады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда арасында экс-шенеуніктер де бар сотталғандар көше сыпырып жүргенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар