+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

​Атырауда браконьерлерге қолдау көрсеткен екі инспектор ұсталған

2021 жылғы 9 қыркүйек 21:55
Бөлісіңіз:
​Атырауда браконьерлерге қолдау көрсеткен екі инспектор ұсталған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда браконьерлерге қолдау көрсеткен екі инспектор ұсталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда заңсыз балық аулаған браконьерлер 5,4 млн теңге айыппұл төлейді ШҚО-да марал атқан екі браконьер ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің қызметкерлері инпсектордың біреуін Жайық өзенінің жағасында Дамба ауылында екі балықшымен бірге ұстаған. Олар отырған қайықта теңізден заңсыз ауланған 50 келі балық болған. Екінші инспектордың үйін тінту кезінде қызыл балықтың бір бөлігі тәркіленген.

Осыған орай Балық шаруашылығы комитеті пікір білдірді.

«Балық шаруашылығы комитетінің тапсырмасы бойынша аумақтық бөлімшелердің инспекторлық құрамы арасында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескерту мен түсіндіру жұмысын жүргізді. Аумақтық бөлімшелердің басшыларына сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарлары аясында қойылған міндеттер мен белгіленген шараларды іске асыруды күшейту тапсырылды. Сондай-ақ, инспекциялардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жүргізіліп жатқан жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Каспий жағасынан браконьерлердің «қонысы» табылғанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT