Атырауда браконьерлер табиғатқа 1,5 млрд мың теңге шығын келтірген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында киікті заңсыз аулаған браконьерлер 1 млрд 656 мың теңге шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Батыс өңірі бойынша филиалының директоры Арман Қожахметовтің мәліметінше, 1-31 желтоқсан аралығында «Ақбөкен» акциясы өтіп жатыр.

«Қазақстан аумағында жойылып бара жатқан жануарлардың қатарында киік те бар. Дала жануарының популяциясын сақтау мақсатында қолға алынған «Ақбөкен» акциясы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Осындай акциялардың өтуіне қарамастан киікті заңсыз аулау тиылмай тұр. Мәселен, биылғы жыл басынан бері Атырау облысында осындай 8 дерек тіркелді. Браконьерлерден 7 киіктің ұшасы мен 750 мүйіз тәркіленді», -дейді Арман Қожахметов.

Ал, полиция инпекторы Нұрлыбек Өтениязовтың мәліметіне сүйенсек, киікті заңсыз аулаған 6 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Браконьерлердің заңға қайшы әрекетінен мемлекетке 1 млрд 656 мың 685 теңге шығын келгені анықталған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда екі тұрғынның көлігінен 364 киік мүйізі тәркіленгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар