Атырауда браконьер шенеуніктер сотталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда браконьерлікпен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анықталғандай, қылмыстық топтың құрамында балық инспекциясының қызметкерлері мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары болған.

«Балық аулау кооперативінің жұмысшыларынан, балық инспекциясының қызметкерлері мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-ның инспекторларынан құралған қылмыстық топ құрықталды. Олар қарабалықтарды заңсыз аулаумен және оны елден шығарумен айналысқан. Қылмыстық топ түгелдей сот алдында жауап берді. Аталған факті бойынша 56 тұлға сотталды, оның 47-сі - балықшы, 5 - қабылдаушы, 4 - лауазымды тұлға», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.  

Мәлім болғандай, айыпталушыларға 8-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар