Атырауда бозбалаға сыра сатқан дүкеннің лицензиясы тоқтатылды
2021 жылғы 17 наурыз 07:40

Атырауда бозбалаға сыра сатқан дүкеннің лицензиясы тоқтатылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 21 жасқа толмаған бозбалаға ішімдік сатқан дүкеннің лицензиясы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арнайы заңнамаға сәйкес алкогольді ішімдіктерді 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салынған. Ішімдік өнімдерін сату заңдылығының сақталуына рейд жүргізген полиция қызметкерлері түнгі сағат 22:30 шамасында Атырау қаласындағы Құлманов көшесінде орналасқан азық-түлік дүкенінде сатушының 21 жасқа толмаған бозбалаға 3 бөтелке сыра өнімін сатқанын анықтады. Дүкенші сыра сатып алушының жасы 21-ге толған-толмағанын білу үшін құжатын сұрамаған», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Дүкен иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 200-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 81 676 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ, алкоголь өнімін сатуға берілген лицензияның қолданылуы 1 (бір) ай мерзімге тоқтатылды.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT