Атырауда бойжеткен лифт шахтасына құлап кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 22 жастағы бойжеткен лифт шахтасына құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін, таңғы сағат 6.05-те Авангард шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйлердің бірінде төтенше жағдай болғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына құтқарушылар бригадасы барды. 1996 жылғы қыздың лифт шахтасына құлап кеткені анықталды. Құтқарушылар бойжеткенді шығарып алды. Ол облыстық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанар Қаржаубаева.

Авторы Андрей Соколов

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар