Атырауда «Біз біргеміз! Nur Otan» акциясында 35 млн теңге жиналды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Біз біргеміз! Nur Otan» акциясында 35 млн теңге жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының кәсіпкерлері «Біз біргеміз! Nur Otan» республикалық акциясына белсенді қатысуда. Бір күннің ішінде арнайы қорға 35 миллион теңге аударылған . Соның ішінде 13 миллион теңге қордың есепшотына түсті.

«Ақцияның мақсаты – халықты ең маңызды әлеуметтік азық-түлікпен, антисептикалық құралдармен және медициналық маскамен қамту. Мұндай көмекті бірінші кезекте жалғызбасты қариялар, тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар алады. Қазір 500- ден аса азық-түлік жиынтығы дайын тұр. Осындай көмекті 100 адам алып үлгерді» -дейді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.

Оның айтуынша, акцияға шағын және орта бизнес өкілдерімен бірге қарапайым тұрғындар да үлес қосып, белсенділік танытып отыр.

Соңғы жаңалықтар