Атырауда биыл көпқабатты 34 үй пайдалануға беріледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда тұрғын үй бағасының арзандайтыны болжануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қала әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, салынып жатқан баспаналар көлемінің ұлғаюы жылжымайтын мүлік нарығында бағаның төмендеуіне оң әсерін тигізбек.

2018 жылы өңірде 3892 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның 39-ы облыс орталығында бой көтеріп жатса, қалғаны -  аудандарда. 34 тұрғын үй пайдалануға биыл берілмек.

nullӘкімдіктің баспасөз қызметінен атап өткендей, шаһар басшысы Алимұхаммед Құттұмұратұлы «Береке» ықшамауданындағы тұрғын үйлердің құрылысын тексеріп шығып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

«Мұндай көп тұрғын үйдің құрылысы жеке құрылыс салушылар тарапынан қызығушылықтың жоғары болуының нәтижесінде мүмкін болды. Облыс басшылығымен өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл өз кезегінде Атырауда құрылыс саласында серпілісін тудырды. Біздің міндетіміз - өз қаражатын тұрғын үй құрылысына инвестициялағысы келетіндер үшін мейілінше қолайлы жағдайлар жасау. Бұл өз кезегінде ипотекалық тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуіне оң әсерін тигізетін болады», - деді Алимұхаммед Құттұмұратұлы.  

 null 

 

 

Соңғы жаңалықтар