Атырауда бірыңғай байланыс орталығына 400 мыңнан аса тұрғын хабарласқан

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 109 бірыңғай байланыс орталығына 400 мыңнан аса тұрғын хабарласқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, «Жедел желі» түріндегі бірыңғай байланыс орталығына бүгінге дейін 401 604 тұрғын хабарласып, әртүрлі мәселе бойынша кеңес алған.

Мұнда 16 оператор мен 8 диспетчер төрт ауысыммен тәулік бойы қызмет көрсетеді.

«Атырау облысының әкімдігі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын коммуникацияның жаңа құралдарын қолдану арқылы белсенді түрде жүзеге асыруда. Қазір бірыңғай байланыс орталығының мамандары тұрғындар өтінішін «109» қысқа нөмірі, WhatsApp чат-бот, облыс әкімдігінің сайты (өтініштер қабылдау виджеті), [email protected] электронды поштасы және (atyrau109) Telegram чат-бот, сондай-ақ, байланыс орталығының арнайы мобильді қосымшасы арқылы қабылдап отыр» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ал барлық деңгейдегі әкімдердің қабылдауына жыл басынан бері 1479 азамат келген. Облыс әкімі тұрғындармен 10 рет кездесу өткізіп, 123 азаматты жеке қабылдаған. Сондай-ақ, облыс әкімдігінің қоғамдық қабылдауына 1800-ден аса азамат жеке мәселесімен хабарласып, кеңес алған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындарды онлайн қабылдағанын хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар