АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бірнеше дүкенде төтенше жағдайға қарамастан алкоголь өнімдері сатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау облысы комендатурасының мәліметінше, төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салынған.
«Қаңтардың 5-нен 19-на дейін өңірде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында коменданттық сағат енгізілді. Түнгі сағат 11:00-ден таңғы сағат 7:00-ге дейін жаяу жүргіншілер мен автокөлік қозғалысына тыйым салынды. Төтенше жағдай кезінде алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салынды. Алайда, бұл шектеуге қарамастан өңірде алкогольдік өнімдерді саудалаған 5 дерек тіркелді. Мәселен, 9 қаңтарда Атырау қаласындағы Вокзал маңы шағын ауданында орналасқан алкомаркеттердің бірінде 1980
жылғы азаматшаның алкогольдік өнімдерді сатқаны анықталды. Алкомаркеттің иесіне
қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодесінің 476-бабымен (Төтенше жағдай режимiн бұзу) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Алкоголь өнімдерін сату туралы заң талаптарын бұзған кәсіпкерлердің бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», -леп хабарлады облыс комендатурасынан.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктіден атыс
қаруы тәркіленгенін жазған болатынбыз.