Атырауда бірқатар азамат «Халық алғысы» медалімен марапатталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір топ азамат «Халық алғысы» медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Халық алғысы» медаліне пандемиямен күреске елеулі үлес қосқан 181 атыраулық ие болды. Марапатты Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тапсырды.

Әкімнің айтуынша, коронавирус инфекциясы әлем жұртшылығы үшін ауыр сынақ болды. Онымен күресте әсіресе, дәрігерлер, еріктілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері айрықша үлес қосты.

«Сын сәтте аянбай еңбек еткен медицина қызметкерлері мен еріктілердің еңбегін айырықша бағалаймыз. Ел аумағында төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне ерекше жауапкершілік жүктелді. Азаматтардың қауіпсіздігін қорғап, қоғамдық тәртіпті бақылап, індеттің жолын кесуге үлес қостыңыздар. Барлығыңызға атыраулықтардың атынан арнайы алғысымды білдіремін», - деді Махамбет Досмұхамбетов.




Соңғы жаңалықтар