Атырауда бірінші топтағы мүгедек жүргізуші куәлігін алды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бірінші топтағы мүгедек Кеңгес Кониев қолмен басқаруға арналған көлікпен жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсырды.
Бұрын құрылысшы болып жұмыс істеген Кеңгес 2006 жылы жарақат алған. Сол жарақатынан соң бірінші топ мүгедегі ретінде қоларбаға таңылды. Алайда, ол өмірге құштарлығын жоғалтқан жоқ. Спортпен айналысып, үстел теннисінен Қазақстанның чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.
Енді ол қызын балабақша мен мектепке апару, отбасының өзге де қажеттілігі үшін көлік жүргізгісі келеді. Сол себептен, мүгедектігі бар жандарға арналған көлікке міну үшін сынақ тапсырды. Алайда, ол бұған дейін екі рет теориялық емтиханнан өте алмады.
Жақында Кеңгес көлік жүргізу машығына тиянақты дайындалып, үшінші мүмкіндігін мүлт жібермеді. Тәжірибелік емтиханды да сәтті тапсырды. Сөйтіп, ол көлік жүргізу куәлігін алды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы мамандарының айтуынша, Кеңгес Кониев – ерекше санаттағы жандардың арасынан көлік жүргізу құқығына ие болған алғашқы атыраулық.
Жолдасбек Көшербайұлы
- Атырауда мектеп оқушысы тамшылатып суару қондырғысын жасап шығарды
- ШҚО-да боран: «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысы шектелді
- Қордайда 20-ға жуық жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды
- Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды
-
Америка әншісі мәнерлеп сырғанаған атыраулық оқушыға қолдау білдірді
-
Атыраудың 8 ықшамауданында тұрғындар жарықсыз отыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам