Атырауда бір жарым жыл бойы жасырынып келген қылмыскер сотталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда адам өлтіріп, бір жарым жыл бойы жасырынып келген ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот барысында анықталғандай, бір жарым жыл бұрын сотталушы жанжал кезінде танысын ұрған. Ер адам есін жимастан, Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмады. Сол түні сотталушы зардап шегушінің қайтыс болғанын естіп, тергеуден жасырынған және оған іздеу салынған. Күдіктіні Қазақстанның басқа өңіріндегі полицейлер ұстаған», - деді Атырау қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде сотталушы тағылған айыпты мойындаған жоқ. Ол шабуыл жасаушыдан қорғанғанын алға тартты. Алайда, оның кінәсі куәгерлер мен зардап шегуші өкілінің куәлігінен бөлек, іс материалдарындағы зерттеумен толықтай дәлелденді.

«Айыпталушы соттың үкімімен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Бұдан бөлек, сотталушыдан 3 миллион теңге көлемінде моральдық залал, 200 мың теңге көлемінде өкілдік шығындар және мемлекетке  566 904 теңге өндірілді», - деп ақпарат берді Атырау қалалық №2 сотының баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар