+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Атырауда бір түнде 6 мас жүргізуші ұсталды

2021 жылғы 15 маусым 06:30
Бөлісіңіз:
Атырауда бір түнде 6 мас жүргізуші ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір түнде мас күйде рульге отырған 6 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Нұрлы жол» халықты жол азабынан құтқара ала ма Алматыда жолайрық құрылысына байланысты көшелердің бірі жабылады «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолы 2024 жылға дейін жөнделмек

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 5 ер адам мен 1 әйел «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде ұсталған.

«Мас күйде ұсталған жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен 5 ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7жылға жүргізуші құқығынан айырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алкоголь ішіп, рульге отырған әйелдің бір жасқа толмаған баласы бары ескеріліп, әкімшілік қамаудан босатылған. Алайда, ол көлік басқару құқығынан 7 жылға айырылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мас күйде рульге отырған 2 жүкті әйел жүргізуші куәлігінен айырылған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT